Жаңалықтар

«Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2024 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне орай, «Жеңіс жалауы желбіреген күн» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушылары мен жетекшісі Т.Мырзалы және Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен жетекшісі Ж.Жексенбекова қатысты. Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садырбаева, Ә.Қанабек оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайы туралы, соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерен ерліктері мен соғысқа аттанып, елге оралмай із- түссіз кеткен Боздақтар жайлы сонымен қатар Соғыс Ардагерлері туралы мәлімет берді. Көрме соңында ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелік суретке түсті.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2024

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны- қарулы күштер» ерлік сағаты

4 мамыр күні Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Ел қорғаны- қарулы күштер» атты ерлік сағаты өтті. Шара барысында келген оқырмандарға Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын мерекеге арналған «Ел ертеңі - бүгінгі Жас Ұлан» атты бейнеролик көрсетілді. Аталған іс-шараға Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы Қайрат Қуанышұлы Жарқынбаев, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагері Самат Амантайұлы Сүйгенбаев, Жетісу облысының күзет қызмет басқармасының полицейі Доценка Кирилл қатысып, қызметтің ең жауапты да қиын саласын атқарып жүрген әскери қызметкерлерді және барлық ерлер қауымын мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, іс-шараға №125 орта мектеп оқушылары әзірлеген «Ер – елінің қорғаны» атты поэзиялық шерумен жалғасын тапты. Шара соңында Жетісу облысының мамандандырылған күзет қ...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2024

Жазушы, әзіл-сықақ, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубакіровтың 90 жыл толуына орай «Ассалаумағалейкум ата» атты шығармасынан дауыстап оқу сағаты өтті.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде жазушы, әзіл-сықақ, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубакіровтың 90 жыл толуына орай «Ассалаумағалейкум ата» атты шығармасынан дауыстап оқу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып өтіп, ақынның «Ассалаумағалейкум ата» атты әзіл әңгімесін дауыстап оқып берді.
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.05.2024

Ақын Мұхаметсапа Қауысовтың 70 жасқа толуына орай «Алтын шаңырақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын Мұхаметсапа Қауысовтың 70 жасқа толуына орай «Алтын шаңырақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсіміне Жетісудың көрнекті ақын-жазушылары Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдрахым, Қайрат Бестібаев, Жангелді Немеребай қатысып, мерейлі мерекемен құттықтап, ақ тілек, ізгі ниеттерін жеткізді. Шара соныңда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өз жалғасын тауып, автор өзінің су жаңа кітабын сыйға тартса, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Бестібаевта акцияға атсалысып өзінің авторлық кітаптарын табыс етті.
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.05.2024

Алғаш рет ақын Қайрат Әлімбекке арналған «Қайрат оқулары» байқауы ұйымдастырылды

30 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Қайрат Әлімбектің шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық «Қайрат оқулары» байқауы өтті. Шара барысында ақын Қайрат Әлімбектің өмірі мен шығармашылығы жайында көрсетілген бейнероликтен бастау алынды. «Қайрат оқуларына» Жетісу облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің 13-16 жас аралығындағы 22 бала қатысып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. «Жоқ іздеген жігіт» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай қатысушы жатқа білетін Қайрат Әлімбек шығармаларының санына және толық мәнерлеп жатқа айтуына қарай бағаланды. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 11 қатысушы «Шығармашылық жұмыс» екінші кезеңіне өтіп, ақынның арнауын зерттеу арқылы өз тарапынан ой-пікірін қоса отырып, мазмұнын ашу арқылы шығармашылық жұмыстарын арнайы дайындалған слайд арқылы қорғады. Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналисте...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика